Біз EcoFuel Taraz жобасын Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 бағдарламасына ресми түрде жібердік. Бұл жоба пайдаланылған өсімдік майын қоқыс емес, қайта өңдеуге болатын ресурс ретінде қарастыру идеясынан басталды. Дайындық барысында біз май жинау жүйесін, зертханалық жағдайда демонстрациялық биодизель прототипін алу жолын, Telegram-бот арқылы цифрлық есеп жүргізуді, презентацияны және мотивациялық видеоны дайындадық. Командада әр қатысушының нақты рөлі болды: Ерсұлтан - жоба жетекшісі және science, Сырым - digital(Telegram bot), Адия - коммуникация, Альнура - дизайн. Біз EcoFuel Taraz арқылы химияны, экологияны, digital-құралдарды және әлеуметтік қатысуды біріктіріп, Тараз қаласында қалдықты ресурсқа айналдыру мәдениетін дамытуға тырыстық. Youth Eco Camp бізге жобаны күшейтіп, менторлармен жұмыс істеуге, бизнес-модельді нақтылауға және EcoFuel Taraz-ды басқа мектептер мен өңірлерге масштабтауға мүмкіндік береді деп сенеміз.