Бүгін Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 бағдарламасының іріктеу кезеңінің нәтижесі шықты. Өкінішке орай, біздің команда 400 үміткер команданың ішінен топ жарып шыққан 17 команданың қатарына кіре алмады. Бірақ бұл қол сілтеп, берілу деген сөз емес! Бұл іріктеу біз үшін жобамызға сыни көзбен қарауға көмектескен үлкен тәжірибе болды. Біз өз қателіктерімізді сараптап, құнды сабақ алдық. Ең бастысы - EcoFuel Taraz жобасы мұнымен тоқтап қалмайды. Біз биодизель прототипі мен Telegram-ботымызды жетілдіріп, қаламыздағы экологиялық бастамамызды әрі қарай дамыта береміз. Қолдауларыңызға рақмет!