«Мұқағали Мақатаев оқулары» шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде ІІІ орын иелендім. 🏆 Байқау барысында Мұқағали Мақатаевтың поэмаларын, өлеңдерін жатқа айтып, ақын шығармаларындағы туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух және адамгершілік құндылықтарды насихаттадық. Әсіресе, «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!» секілді өлең-поэмалары қазақ әдебиетінің асыл мұрасы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Мұқағали жырларын оқыған сайын қазақ болып туғаныма мақтаныш сезімі оянады. Осындай шығармалар арқылы туған жердің қадірін, ана тіліміздің байлығын және ұлттық құндылықтарымыздың маңызын тереңірек түсінеміз. Өз әдебиеті мен мәдениетін құрметтеген халықтың болашағы әрқашан жарқын!🇰🇿