Менің талантты балаларға фонд ашу идеясын жүзеге асыру үшін жасалған қадамдарымның бірі-кішкентай кезімнен мектепте белсенді оқушы, орта сыныпта мектеп парламентенің мүшесі болып, балаларға сабақ беру бойынша және көшбасшылығым мен лидерлік қасиеттерімнің арқасында жүзеге асырудамын. 1 сыныптан мектеп қабырғасында өтетін іс-шараларда үнемі белсенді болып жүретінмін. 9 сыныпта BINOM мектебіне ауысып, көптеген мүмкіндіктерге ие болдым. Ең бірінші, өзімді жаңа қырымнан көріп, мектеп парламентімен әртүрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырдық. Екіншіден, мектепте көптеген олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Сонымен қатар, тек академиялық білімімді шыңдап қана қоймай, БИНОМ мектептер желісі арасындағы «Bi-fest» конкурсында 2024 жылы «Ромео и Джульетте» мюзиклында Леди Монтекки рөліндегі басты рөлді сомдадым.Бұл байқауға 2025 жылы қатысып, «Моана» мюзиклінде Краб рөлінде өзімнің өнерімді жоғары рөлде көрсете алдым. Болашақта егер мен KAEF грантының жеңімпазы атансам, мектепте басталған белсенділігімді ары қарай университет қабырғасында жалғастыратыныма сенімдімін.💛